jasqazaq.kz

Зорлық белгілері бар: Алматыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

07 сәуiр 2022, 13:59

Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт туралы хабарлама “101” пультіне кешкі сағат 21:00 шамасында келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртті локализациялағаннан кейін бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кейін бұл – үйдің иесі, 38 жастағы К.есімді азамат екендігі анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс жасамаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, адамның өліміне – мойынның кесілген жарақаты, сол жақтағы кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, іштің және сол жақ бұғана аймағындағы еніп кеткен пышақ жарақаттары және одан кейінгі мәйітті өртеу себеп болған. Тергеу барысында 44 жастағы П.есімді азамат анықталды, ол қылмыс жасалмас бұрын жәбірленушінің үйіне қонаққа келген, – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Ер адамдардың алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Олардың арасында жанжал туындап, оның барысында П.есімді азамат үй иесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үйге өрт қойған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам, ас үй пышағын бірінші болып үй иесінің ұстағанын, ол оның қолынан жұлып алып, оған бірнеше рет өлімші соққылар жасағанын айтты. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, – деді М.Жаңабаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде