jasqazaq.kz

Мақсат Халық: Экономиканы әртараптандыруда ғылымның рөлі ерекше

Бүгін, 15:19

Еліміздің экономикасын әртараптандыру мен жаңа сатыға көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен болашаққа бағытталған оң өзгерістер үнемі назарда. Осы орайда белгілі экономист-сарапшы Мақсат Халықтың Jas Qazaq тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның әлеуеті, жас буынның мүмкіндіктері, ғылым мен бизнес саласындағы жетістіктеріміз және алдағы жарқын жоспарлар туралы кеңінен әңгіме өрбіді.
– Мақсат мырза, ел экономикасын әртараптандыру бағытында атқарылып жатқан ауқымды бастамаларға тоқталып өтсеңіз?
– Экономиканы әртараптандыру – бұл заман талабы, бізге ауадай қажет бағыт. Осы мақсатта ел көлемінде маңызды индустриалды бағдарламалар сәтті жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2003–2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы және 2010–2020 жылдарға арналған үдемелі даму стратегиясы сияқты ауқымды жобалар қабылданды. Бұлардың барлығы экономикамыздың әлеуетін арттырып, әртараптандыруды көздеген игі қадамдар болды.
Бүгінгі таңда да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жаңа бастамалар қолға алынып жатыр. Бұл – еліміздің экономикалық тұрғыдан тың серпін алуына жол ашатын оң үрдіс.
Мемлекет тарапынан бұл бағытта үлкен қолдаулар көрсетіліп, қаржы бөлінуде, арнайы даму институттары жұмыс істеп жатыр. Ендігі кезекте осы басталған игі істерді жүйелі түрде аяғына дейін жеткізу маңызды. Егер осы жоспарларды жүзеге асыруда жауапкершілікті күшейтіп, әрбір бастаманы ашық түрде нәтижеге бағыттасақ, бұл жұмыстардың берекесі мен қайтарымы бұдан да жоғары болатынына сенімдімін.
– Еліміздегі адами капиталдың деңгейін қалай бағалар едіңіз?
– Қазақстанда білім капиталының әлеуеті өте жоғары және жақсы. Мұның айқын дәлелі ретінде еліміздің ішінен шығып қана қоймай, әлемді таңғалдырған Kaspi.kz сияқты табысты әрі ірі компанияларды атауға болады. Бұдан бөлек, әлі де жарқырап көрінуге тиіс тамаша компанияларымыз бен талантты жастарымыз жетерлік. Мұндай озық компаниялар ешқашан бос жерде пайда болмайды, бұл – елімізде өте мықты мамандардың бар екенінің көрінісі.
Сондықтан азаматтарымыздың әлеуетін дұрыс бағыттай білсек, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жаңа заман кәсіптерін меңгеруіне барлық жағдайды жасай аламыз.
– Ғылым мен экономиканың байланысы – ел дамуының басты тетігі. Еліміздегі ғылым саласының болашағын қалай көресіз?
– Экономиканың өркендеуінде ғылымның рөлі ерекше. Дамыған озық елдердің тәжірибесіне сүйенсек, олар жалпы ішкі өнімнің маңызды бөлігін ғылымға бағыттайды. Соңғы жылдары елімізде де ғылымға бөлінетін қаржыны көбейтіп, оны 1 пайызға дейін жеткізу мақсаты қойылып отыр. Бұл – экономикамызды жаңа сатыға көтеретін өте дұрыс әрі көреген бастама.
Ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы экономикамыздың жаңа салаларын қалыптастырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Өйткені ғылым мен экономика тығыз байланыста болғанда ғана ел дамиды.
– Жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және оларды қолдау бағытында қандай игі істерді жиілету керек деп ойлайсыз?
– Бүгінгі таңда жастарды ғылыми жобаларға тартып, оларды ынталандыру мақсатында түрлі жас конгрестер мен ауқымды форумдар ұйымдастырылып жатыр. Осындай игі шаралардың ауқымын кеңейтіп, әлемдік озық ойлар мен тәжірибелерді жиі алмасып тұруымыз керек. Мұндай серпінді бастамалар жастарымызға шабыт беріп, ел экономикасына жаңа тыныс сыйлайтыны сөзсіз.
Қысқаша айтқанда, жас талаптардың ғылыми бастамаларын қолдап, олардың әлеуетін ел игілігіне жарату арқылы жарқын болашаққа сенімді түрде қадам баса береміз.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
Бүгін, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
Бүгін, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті