jasqazaq.kz

Алматының экологиясын сақтау – табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудан басталады

Бүгін, 12:29
Screenshot

Алматы табиғи ресурстардың шамадан тыс тұтынылуы мен қалдықтардың көбейуі қаланың экологиялық ахуалына тікелей әсер етіп отыр. Осы орайда, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, шикізатты кәдеге жарату және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру – мегаполис үшін аса өзекті міндеттердің біріне айналды.

Бұл маңызды іске әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары белсене араласып, қаланың экологиялық әл-ауқатын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Осы туралы Журналистика факультетінің профессоры Жанарбек Берістен айтып берді.

Университет қалашығының аумағынан, саябақтардан жиналған ағаш бұтақтары, тастар, жапырақтар, сондай-ақ қолданыстан шыққан картон, губка мен гипс сияқты материалдар студенттердің қолымен кәдеге жаратылып, мазмұнды бұйымдарға айналған.

«Қазіргі таңда жастардың қоршаған ортаға, экологияға деген көзқарасы мен жауапкершілігі артып келеді. Біздің айналамызда өндіріс қалдықтары мен керексіз заттар өте көп. Осы материалдарды қоқысқа тастамай, қайта өңдеп, кәдеге жарату балада жақсы бір образды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Мұндағы басты мақсат – жаңашылдық ізденістерге бағыттап, шашылып жатқан заттардан пайдалы нәрсе құрастыруды үйрету», – деді Жаннарбек Берістен.

Студенттер өз жұмыстарында жеңіл әрі қолжетімді материалдарды негіз етіп алған. Мысалы, тұрмыста қолданылатын қарапайым губкалардан пішін жасап, сыртын гипспен қаптау арқылы түрлі көлемді мүсіндер дайындаған. Бұл әрі шикізатты үнемдеуге, әрі материалды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мұндай практикалық тапсырмалар студенттердің теориялық білімін нығайтып қана қоймай, оларды болашақ кәсіби ортаға дайындайды. Себебі, экологиялық таза әрі қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдарға бүгінде нарықта, соның ішінде балабақшалар мен мектептер тарапынан сұраныс жоғары.

«Студенттер сабақ процесінде біртіндеп тәжірибе жинақтайды, қателіктерін түзеп, шеберлігін шыңдайды. Қазірдің өзінде көрмеге қойылған жұмыстарға қызығушылық білдіріп, тапсырыс бергісі келетіндер бар.

Осылайша студенттер оқу барысында тапсырыстармен жұмыс істеуді, экологиялық материалдарды қайта өңдеуді үйреніп, болашақта нарықта өз орнын таба алады», – деп түйіндеді профессор.
Алматының экологиясын жақсарту – тек ауқымды зауыттарды сүзгілеумен немесе ағаш отырғызумен шектелмейді. Студенттердің қалдықтарды қайта өңдеуге және табиғи ресурстарды ұқыпты тұтынуға бағытталған мұндай қадамдары – қаланың тұрақты дамуына қосылған нақты әрі практикалдық үлес деп санауға болады.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
Бүгін, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
Бүгін, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
Бүгін, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді