jasqazaq.kz

Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті

Бүгін, 16:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты жұмыспен қамтып, азаматтардың табысын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында үшінші мегаполисте ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрғындардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен қаланы дамыту жоспарлары аясында азаматтарды кәсіптік оқыту, кәсіпкерлікке баулу, субсидияланатын және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру шаралары жүзеге асырылып келеді.
Шымкент қаласы әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, биылғы он айда 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 31 111 азамат түрлі бағыттағы қолдау шараларымен қамтылып, жоспар 99,1 пайызға орындалды. Ал мемлекеттік бағдарламалар аясында 21 952 адамды жұмыспен қамту көзделсе, нақты 22 687 азамат қамтылған.
Жұмыспен қамтудағы маңызды бағыттың бірі – кәсіби біліктілікті арттыру және сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге жағдай жасау. Осы мақсатта 5 143 адам кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік оқытуға жолданды.
Олардың 450-і білім беру ұйымдарында білім алды.160 азамат жұмыс берушілердің жұмыс орындарында тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдысын жетілдірді. Сонымен қатар 128 адам кәсіби біліктілікті тану, яғни ваучерлік оқыту бағытына қатыстырылды. Ал 4 405 тұрғын Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн оқудан өтті.
Бұл бағыттағы жұмыстар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға, жұмыс іздеушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Шымшаһарда сондай-ақ азаматтардың жеке кәсібін ашып, табыс көзін қалыптастыруына да ерекше назар аударылған. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында жалпы 2 782 адам қолдау шараларымен қамтылды. 2 679 азамат «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыды. Бұл жоба тұрғындарға бизнес жүргізудің бастапқы қағидаларын меңгеруге, кәсіпкерлік қабілетін дамытуға және өз ісін бастауға қажетті білім алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы 103 тұрғынға 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес, қазіргі уақытта мемлекеттік қайтарымсыз грант беру тоқтатылған.
Уақытша жұмыспен қамту және еңбек тәжірибесін қалыптастыру мақсатында субсидияланатын жұмыс орындары да ұйымдастырылуда. Есепті кезеңде осы бағыт бойынша 3 605 азамат жұмыспен қамтылды.
Оның ішінде 1 659 жас «Жастар практикасы» жобасына қатысып, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 102 адам орналастырылса, 1 538 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал 306 азамат «Күміс жас» жобасы аясында еңбекпен қамтылды.
Жұмыспен қамтудағы басты нәтиже – азаматтарды тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету. Соған орай он айда 11 156 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Enbek.kz электрондық еңбек биржасында Шымкент қаласы бойынша 4 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Тұрғындар осы порталдың мобильді қосымшасын ұялы телефонға жүктеу арқылы қолжетімді жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ өздерінің білімі мен кәсіби дағдыларына сәйкес келетін вакансияларға өтінім жіберу мүмкіндігі бар.
Осылайша, Шымкент қаласында биылғы 10 айда жұмыспен қамту бағытында бірқатар шара жүзеге асырылып, жоспарланған көрсеткіштің 99,1 пайызы орындалды.
Алдағы уақытта да еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандар даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және тұрғындардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік жасау жұмыспен қамту саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде