jasqazaq.kz

Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу

Бүгін, 15:31
Сурет: ТЖМ

Қандай да бір төтенше жағдайдың салдарын жоюдан гөрі, алдын ала қам жасап, оның алдын алу тиімді екені сөзсіз. Елімізде осы бағытта нақты қадамдар жасалып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұқанов ТМД елдерінің Төтенше жағдайлар кеңесінің мемлекетаралық ХХХVІІІ жиынында атап көрсетті. Министр су тасқыны, табиғи өрт, зілзала және өзге де техногенді апаттар көршілес мемлекеттер аумағында бір мезетте болуы мүмкін екенін айтты. Ортақ қауіп бірлескен іс-қимылды, дер кезінде ақпарат алмасып, жұмыла әрекет етуді қажет етеді. Сондай-ақ халықаралық басқосудың күн тәртібіне Қазақстанның климаттық және техногенді төтенше жағдайларды Аймақтық болжау орталығын құру бастамасы да енгізілді.

Мұрат Мұқанов қауіп-қатерді алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін технологияларға назар аударды. Мәселен, біздің елімізде орман өртін алдын ала анықтау үшін жасанды интеллект пайдаланыла бастады. Көмір шахталарында газ мөлшерін қадағалау және адамдарды іздеу жүйелері енгізілуде. Ал дрондар жоғалған адамдарды іздеу кезінде қолданылады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңғыртылған командалық орталығында қауіп-қатерді болжау, мониторинг және талдау жасауға арналған цифрлық құралдар жинақталған. Соңғы кезде электромобиль санының 40 пайызға артуын есепке алып, тарту аккумуляторынан туындаған өртті өшіру алгоритмі мен өрт қауіпсіздігі талаптары жаңғыртылды.

Министр өз сөзінде құтқару авиациясы мен мамандандырылған бөлімшелердің дамуына да тоқталды. Барлық аймақтарда тікұшақтары бар авиа жасақтары кезең-кезеңімен құрылуда. Каспий теңізінде құтқару операциялары мен мұнайдың жайылуын жоюға арналған «Теңіз жасағы» әрекет етеді. Алматыда төтенше жағдай кезінде 100 мыңға дейін зардап шеккендерді орналастыруға арналған «Алатау» Оңтүстік базасы жұмыс істейді. Сонымен қатар ауыл-аймақта құтқару бөлімшелерінің кеңейе түсуде. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде 311 өрт сөндіру құрылымы 975 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Айта кеткен жөн, еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі материалдық-техникалық базасын нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Соңғы екі-үш жылда үш мыңдай техника (ұшақтар мен тікұшақтарды қосқанда), түрлі қызмет көрсетуге арналған кемелер сатып алды. 60-қа жуық өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынды. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға басымдық беріле бастады. Жуырда Солтүстік Қазақстан облысында  құтқарушылар жүгері егістігінде жоғалып кеткен әйелді дронның көмегімен бір сағаттың ішінде тауып алды. Алматы облысында тау шатқалында адасқан он шақты адам да дрон арқылы табылды.

Бүгінде ТЖМ бөлімшелерінде 242 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Оның 187-і жасанды интеллектімен басқарылады.  Жыл басынан бері 4 647 құтқару операциясында төтеншеліктер дрон көмегіне жүгінді. Алматы және Қарағанды облыстарында док-станциялы үш автономды кешен жұмыс істеп тұр.

Цифрлық технология апаттың алдын алуға да көмектеседі. Орманда өрт шыққан кезде ол туралы белгі ТЖМ-ның «Жағдай орталығына» жылдам жетеді. Ал миниторинг жүйесі ықтимал табиғи қауіп-қатерді қадағалап, су тасқынын болжауға сеп. Абай облысында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін бұзуды цифрлық есепке алуды көздейтін «Тұмар 112» қосымшасы сынақтан өткізіліп жатыр. Міне, ТЖМ осындай заманауи технологиялардың көмегімен қауіп-қатерді ерте анықтап, жылдам әрекет етуде.

Құтқару қызметінде халықаралық өзара іс-қимылға айрықша маңыз беріледі. Отандық мамандар Ресей және Беларусьтегі салалық мекемелерде оқу-дайындықтан өтеді. Ал біздің елімізде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында Қырғызстан мен Тәжікстан үшін мамандар даярланады. 

Наргүл Мырзахмет

Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам