jasqazaq.kz

Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда

Бүгін, 14:04

Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы маңызды жобалардың бірі – 200 орындық ірі перинаталдық орталықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр.

Заманауи медициналық нысанның бой көтеруі қаладағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының шамамен үштен бірі аяқталған. Атап айтқанда, іргетасы құйылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тарту жұмыстары қолға алынған. Құрылыс алаңында сыртқы абаттандыру және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары да басталып кетті. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін ғимараттың шатыры толық жабылып, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісу көзделіп отыр.

Үш қабатты жаңа перинаталдық орталық негізгі инфрақұрылыммен түгелдей  жабдықталады. Онда лаборатория, тамақтану блогы, бақылау-өткізу пункті, қазандық, медициналық газ станциясы және шаруашылық аймағы қарастырылған. Ал сыртқы аумағында 123 жеңіл автокөлікке, 16 әкімшілік көлігіне және 8 жедел жәрдем көлігіне арналған тұрақ орындары салынады. Оған қоса, сыйымдылығы120 текше метр су резервуары, автокөліктерді дезинфекциялау алаңы және келушілер мен қызметкерлердің демалысына арналған саябақ болады.

Соңғы жылдары Шымкент қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Халық санының өсуі денсаулық сақтау саласына түсетін жүктемені де көбейтуде. Әсіресе ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету – өзекті мәселелердің бірі.

Осы тұрғыдан алғанда, 200 орындық жаңа перинаталдық орталықтың салынуы – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам. Медициналық нысан ұлттық және халықаралық стандарттарға сай болады деп жоспарлануда.

Перинаталдық орталықтың құрылысы 2026 жылдың сәуір айында басталған. Жыл соңына дейін ғимараттың шатырын толық жауып, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісу жоспарланып отыр. Ал нысандағы барлық құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2027 жылдың төртінші тоқсанына белгіленген.

Жалпы алғанда, Шымкентте салынып жатқан жаңа перинаталдық орталық – өңірдің медициналық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы зор жоба.

Бұл – денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту арқылы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды инвестиция. Ең бастысы, жаңа орталықта дүниеге келетін сәбилер мен олардың аналары үшін қауіпсіз әрі заманауи медициналық орта қалыптасады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
Бүгін, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді