jasqazaq.kz

Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын

Бүгін, 13:06

Сурет: egemen.kz

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдын алу тетіктері жаңа институционалдық деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, үйлестіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу функциялары Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілгеніне жыл толды. Соның нәтижесінде бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 48 сыртқы талдау жүргізіліп, 600-ден астам ұсыным енгізілді. Мемлекеттік сатып алуда 29 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. Ал тіркелген сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс 26 пайызға қысқарған. Елдегі осы және өзге де ақпараттар туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті директорының міндетін атқарушы Асхат Ескендіров Jas Qazaq тілшісіне айтып берді.

– Асхат Батыржанұлы, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау тетігі қалай жұмыс істейді?

– Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді. Бұл ретте құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы міндетті түрде ескеріледі. Жалпы былтыр сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 48 сыртқы талдау жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 600-ден астам ұсыным енгізілді, бүгінде оның 50 пайызы орындалды. Талдау жұмыстары спорт, автомобиль жолдары, білім мен ғылымды қаржыландыру, әлеуметтік қорғау және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар секілді аса маңызды салаларды қамтыды. Мәселен, мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында тауарлар мен қызметтердің құнын жалпы сомасы 29 млрд теңгеге асыра бағалау фактілері анықталып, дер кезінде жолы кесілді. Сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің осал тұстарын көрсететін сыбайлас жемқорлық картограммалары қалыптастырылып, ресми сайттарға жариялануда.

– Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау қалай жүргізіледі?

– Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау және қаржылық бұзушылықтарды анықтау мәселелері қаржы министрлігіне жүктелген.

Қазіргі таңда аталған салада адами факторды жоюға бағытталған ауқымды цифрлық құралдар іске қосылғанын да атап өткен жөн. Атап айтқанда, қаржы министрлігі «Аудитордың бірыңғай кабинетін» енгізіп, қашықтықтан онлайн-мониторингке көшті. Ал «Цифрлық теңге» жобасы аясында Ұлттық қор қаражаты мен субсидиялардың қозғалысын түпкілікті алушыға дейін таңбалау тетігі сынақтан сәтті өтті.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама қандай іс-шараларды қамтиды?

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтитын негізгі құжат.

Ұлттық баяндаманың негізгі бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың мәні, жай-күйі мен негізгі нәтижелері толық қамтылуы тиіс. Оның ішінде уәкілетті органның, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың атқарған жұмыстары туралы ақпарат беріледі.

Мәселен, 2025 жылғы Ұлттық баяндамада үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бақылау институттарының нақты нәтижелері кеңінен баяндалған. Елімізде 4 мыңға жуық мүшесі бар 264 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, олар әзірлеген ұсынымдардың 95%-ы орындалды. Сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 308 мың азаматты қамтыған 1 480 іс-шара өткізіліп, «Халық заңгері» республикалық акциясы арқылы 220 мың тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері де оң өзгерісті растайды: бүгінде азаматтардың 79,9%-ы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға дайын екенін білдірсе, тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары бір жыл ішінде 26%-ға азайды. Ал халықаралық деңгейде Қазақстан Transparency International-дың сыбайлас жемқорлық индексінде 38 балл жинап, Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірінің орташа көрсеткішінен жоғары позицияны сақтап отыр.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді