jasqazaq.kz

Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр

Бүгін, 15:06

Мемлекет басшысының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Шымкент қаласында қолға алынған жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Күз айларында сондай жұмыстардың біразы аяқталып, пайдалануға беріле бастады.
Жуырда Тіленшин көшесіндегі теміржолдың үстінен салынған жаңа автокөлік өткелінің құрылысы аяқталып, толық пайдалануға берілді.
Шымкент әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін техникалық тұрғыда ашылған өткелдің айналма жолдары да толық ашылып, абаттандыру жұмысы аяқталды.
Момынов және Тіленшин көшелеріндегі өткелдердің негізгі құрылысы өткен жылы басталған. Ол қаланың аудандары арасындағы байланысты күшейтуге, көлік қатынасын жақсартуға және қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Жаңа өткел автомобиль және теміржол қозғалысын бөліп, көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысты.
Теміржолдың жалпы ұзындығы 6,4 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, мұнда теміржол төсемін салумен қатар, асфальт жабыны толық қалпына келтірілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың, теміржол желісін кеңейтудің және жүк тасымалының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын.


«Жұлдыз» индустриалды аймағында теміржол желісінің салынуы осы міндеттерге сәйкес келеді және қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы үшін аса маңызды.
Жаңа инфрақұрылым шикізат пен материалдарды жеткізуді, дайын өнімді жөнелтуді жеңілдетіп, индустриалды аймақтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Теміржол өндірістік алаңның әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын орналастыруға және қаланың өнеркәсіптік мүмкіндігін дамытуға қосымша жағдай жасайды.
Жуырда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағын ауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысын да барып көрді.
Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, бастапқыда 2020 жылы аяқтау жоспарланған болатын. Алайда құрылыс бірнеше жылға созылып, негізгі жол биыл ғана салынып бітті. Қазір осы көшеге іргелес аумақ абаттандырылып жатыр.
Көшенің ені – 60 метр. Мұнда асфальтбетон жабыны төселіп, тротуарлар мен веложолақ салынды. Жол инфрақұрылымын абаттандыру барысында қозғалысқа қатысушылардың барлығына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға басымдық берілген.
Шағын аудан үшін жаңа көшенің маңызы зор. Ол көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелермен байланысты жеңілдетумен қоса, Шымшаһардың осы бөлігін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы