jasqazaq.kz

Златан Ибрагимович матч кезінде қарсыласының жағын сындырды

23 шiлде 2019, 9:54

«Лос-Анджелес Гэлаксидің» швециялық футболшысы Златан Ибрагимович «Лос-Анджелес» ойыншысы Мохаммеду Эль-Монирдің жағын сындырды. Оқиға америкалық MLS чемпионаты аясындағы матч барысында болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. Лос-Анджелестің екі командасы 19 маусымда кездескен. Матч «Гэлаксидің» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Ибрагимович хет-трик авторы атанды. Ойын барысында 37 жастағы форвард әуедегі допқа талас кезінде қарсыласын шынтағымен ұрып жіберген. Салдарынан Эль-Монирдің бет сүйегі сынған. Сол сәттің видеосы мен жарақаттанған футболшының рентген суретін «Нью-Йорк Ред Буллс» ойыншысы Армо Тарек Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Эль-Монирге енді ота жасалады, футболшы үшін маусым ерте аяқталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде