jasqazaq.kz

Өзін ұрлады деп жалған ақпарат берген

31 шiлде 2017, 13:07

Полицейлер өзін ұрлады деп жалған қылмыс ұйымдастырған жас азаматты ұстады, деп хабаралады ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы. 2017 жылдың 27 шілдесінде Сайрам АІІБ-на жергілікті тұрғын арызданған.

Онда 1995 ж.т. туысы күндіз Шымкент қаласына сауда жасауға шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Жоғалған азаматты іздеу мақсатында полицейлер барлық ҚАІІББ бағдар берді. Дәл сол күні тәртіп сақшылары Шымкент-Шаян тас жолының бойынан жоғалған азаматқа тиесілі автокөлікті, алдыңғы терезесінде соққы іздері мен ішінде ұялы телефонымен бірге тапты. Аталған жайт Сайрам АІІБ СДТБТ тіркеліп, ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігімен «Адам ұрлау» қылмыстық іс қозғалған. Сайрам АІІБ қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде із-түссіз жоғалған 22 жастағы жергілікті тұрғынды Қызылорда қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен тапқан. Ер азамат өз сөзінде түсіндіргені, саудадан түскен ақшаны алып, өзін ұрлады деген жалғандықпен көрші қалаға кетіп, сол жақта ақшаны өзінің қажеттілігіне жұмсамақ болған. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде