jasqazaq.kz

Жұртты тақырға отырғызып жүрген өзбекстандық аляқтар қолға түсті

11 желтоқсан 2019, 10:38

Павлодарлық полицейлер құмар ойынмен жұртты тақырға отырғызып жүрген өзбекстандық аляқтарды тұтқындады. Картаның майын ішіп, жілігін шаққан әккілер жергілікті тұрғындардың соңғы тиынына дейін қағып алатын болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Арасында миллион теңгеге дейін ұтылғандар бар. Күдіктілер арнайы жасақтың көмегімен ұсталды. Екеуі – Павлодарда, төртеуі Екібастұзда құрықталған. Өзбекстан азаматтары қарпайым, қайталанба әдіспен әрекет еткен. Сондықтан да қолға түсіп отыр. Бұлар базардағы саудагерлерге алушы ретінде келіп, сатушыны карта ойнауға үгіттейді. Сөйтіп оған алдымен қомақты қаржыны ұтқызады. Ақша көбейгенде ортаға әккі ойыншы қосылып, дымын қалдырмай сыпырып кетіп отырған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда