jasqazaq.kz

Жұрт жанармайдың шарықтауын түсіне алмай дал

13 наурыз 2020, 10:51

Елімізде доллармен бірге бензин де қымбаттады.

Алматыдағы кейбір жанармай бекеттерінде сұранысқа ие АИ-92-нің бір литрі 159-160 теңгеден сатылып жатыр. Ал осыған дейін бензиннің түрі 155-156 теңге тұратын Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Кей бекеттер бұрынғы бағаға тек бір теңге қосып қойыпты. Ал тапқан-таянғанын көлігіне құятын жүргізушілер бұған наразы. Өйткені қарапайым жұрт мұнай арзандап жатқанда, жанармайдың шарықтауын түсіне алмаймыз дейді. Қос бүйірден қысқан қымбатшылыққа атқамінерлердің жауабы қашан да дайын. Олар жанармай бағасына үкімет араласпайды, бәрін нарық реттейді деген болатын. Сондықтан сұйық отынды кәсіпкерлердің ойына келген бағамен сатуына ешқандай тыйым жоқ.

Жүсіп Шынбай, Алматы қаласының тұрғыны:

— Бензин қымбат. Жалақы сол қалпы. Қалтадан ұрып жатыр. Ақшаның құны жоқ. Бес мың теңгеге дүкеннен түк сатып ала алмайсың.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия