jasqazaq.kz

Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

31 желтоқсан 2017, 11:46

Алматыда өткен жыл қорытындысы айтысында Төреғали Төреәлі елден кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жүрсін Ерман жыл қорытындысы айтысының ашылу салтанатына келген Төреғали Төреәлінің ел алдында ән айту, айтпауын халықтан сұрады. Бұл сауалға қатысты халықтың пікірі екі жарылды. Десе де Төреғали “Айтыс” атты әнін орындап, биылғы жылдың қорытынды айтысын ашып берді.

Өз кезегінде айтыс сахнасында “Ұлы дала баласы” Павлодарда өткен концертте жіберген қателігі үшін кешірім сұрады. Ол екі күнге жалғасқан айтыстың жабылуында да ән шырқады.

Айтыста Төреғали ел алдындағы әбестігін жуып-шайғысы келген сыңайлы. Әнші 300 мың теңге тұратын жүлдені өзінің замандасы, “Алтын домбыра” иегері павлодарлық айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаевқа табыстады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды