jasqazaq.kz

Жүрсін Ерман: «Казиноға да барып тұрамын» (видео)

06 маусым 2019, 13:20

Қазақ айтысының майталманы Жүрсін Ерман құмар ойындарда қол жеткізген ең үлкен ұтысының мөлшерін айтты. Ол казиноға барып тұратынын жасырмады деп жазады «TalkLike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жүрсін Ерман құмар ойындарға қызығуды жаман әрі жеккөрінішті нәрсе деп есептемейтінін жеткізді.

«Бильярд ойнаймын, карта ойнаймын. Казиноға да барып тұрамын. Мен мемлекеттік қызметкер емеспін. Қолымда ақша болса, көңіл-күйім болса бара саламын. Оның ешкімнен жасырып жатқан жоқпын. Жылына неше рет баратынымды санамаймын. Ақшам босла, бүгінде бара салар едім. Ақшам жоқ. Кейде анда-санда барып, бой жазып қайтамын».

Бізде құмар ойындарға жеккөрінішпен қарайды. Еуропада болса, жұрт тынығуға барады. Сол жерде отыры, әдемі классикалық музыка тыңдап, бірімен бірі шүйкірлесіп, дәмді ас ішіп, демалып қайтады.

Мен ұтуға да, тынығуға да барамын. Ыңғайы келсе, ұтқым келіп тұрады, әрине. Бірақ, олай бола бермейді ғой. Ең үлкен ұтысым — 31 мың доллар. Бізде ондай көп ақша жоқ қой. Көп ұтылатындай ондай қаржы жоқ бізде. Шамамен бір мың доллар, бір жарым мың доллар ұтылдым. Қалмата бір-екі мың доллар салып барамын.

Бір кезде джип ұтып алдым. Аяқ астынан екі кештің ортасында бардым. Сол маған шықты. 2012 жылы 12 наурызда джип ұтып алып, балаларға келіп алып кетіңдер дедім. Немерем мектеп бітіріп жатыр еді, соған мінгізе қойдым, жақсы болды. Соңғы рет үш ай бұрын бардым. Денсаулығым болмай жүр. Емделіп жатырмын» , — деді Жүрсін Ерман.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде