jasqazaq.kz

Жыршы-термешілер байқауы өтті

03 қараша 2017, 19:22

Сөздің маржанын сазбен жеткізетін нағыз дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі – терме» байқауы мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқау Жезқазған қаласында өтті.

Республикалық байқауда Астана, Алматы қалалары мен 14 аймақтың жыр дүлділдері бақ сынады. Текті өнердің насихатшылары байқау барысында ел бірлігі мен Алаш үшін айтулы оқиға Алашорданың 100 жылдығын жырға қосты. Ана тілдің тағдырын айтып, тыңдарманның көңіліндегін дөп басты.

Көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздардың шеберлігін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман (төраға), Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Жаңабергенова, жырау, жыршы Мұқаш Қожахметов және Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі Амандық Көмеков бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені атыраулық Гүлдана Тайырова иемденді. Ал бірінші орын Шынболат Ділдебаевтың «Шыңырауда шыңдалумен келемін…» термесін нақышына келтіріп орындаған Айнұр Қонысбаеваға бұйырды. Жүлделі екінші орынды Сыр мектебінің түлегі Марат Сүгірбай еншілесе, үшінші орынды Маңғыстаудың марғасқасы Темірбек Асқамбаев пен павлодарлық Талғат Бланкин өзара бөлісті.

Байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық табысталды. Ал барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғысхаттар ұсынылды.

Бүгін, 14:41
Тарих тұңғиғы, тағдыр тәлкегі және «ТАЙТҰЯҚ» алтын
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде