
Алматыда жолаушылары бар автобус жүріп келе жатып өртенді. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Пікірлердің арасында, өрт сағат 19.26-да Абай мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында болғаны жазылған. Ал видео кадрларында өртеніп жатқан автобустан жолаушылар жүгіріп шығып жатқаны көрінеді. Алматы әкімдігінің ресми өкілі Тимур Базарбаев оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатқанын хабарлады. «Кінәлілер жауапкершілікке тартылады», — деді ол.
https://www.facebook.com/251792965359327/videos/2529490313760313/