jasqazaq.kz

Жүргізушілерді бақылайтын жаңа жүйе пайда болады

21 қазан 2020, 13:52

22 қазаннан бастап Нұр-Сұлтанда көліктердің дұрыс емес жерде тоқтауы және тоқтаған жерін автоматты түрде белгілейтін жаңа жүйе енгізіледі. Бұл туралы  қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап  Tengrinews.kz хабарлайды.

Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерін бұзу, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтамау енді «Дозор-М» сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешендерімен автоматты режимде тіркелетіні айтылады. Олар мамандандырылған көлік құралдарымен жабдықталған дейді полициядағылар.

«Арнайы автокөліктердің қала көшелерімен жүріп-тұруы кезінде аталған кешен құқық бұзушылық жасаған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, нақты орны мен уақытын анықтайды. Кейіннен бұзушылықтар туралы мәліметтер базаға келіп түседі, онда әкімшілік айыппұлдар жазылады», — делінген хабарламада.

Жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі белгілерді елемей, талаптарды бұзғаны үшін 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылады.

Ал тоқтап тұру ережелерін бұзу Кодекстің 597-бабы бойынша 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілікті көздейді дейді полициядағылар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия