jasqazaq.kz

Жүргізушілер «Алтын Орда» базары маңындағы жаңа көпірдің сапасына шағымданды (Видео)

28 маусым 2022, 13:17

Жүргізушілер «Алтын Орда» базары маңындағы жаңа көпірдің жағдайына шағымданды. Көпір жарты жыл бұрын ғана ашылған болатын, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялады. Кадрлардан көпірдегі асфальт бүлініп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, көптеген шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.

Бұған Желі пайдаланушылары наразылығын білдіріп, пікір қалдырып жатыр:

«Өздерің кінәлі, бізді асықтырдыңдар десе таңғалмаймыз», «Ашылғанынан бергі жарты жылда жолдың жағдайы бірнеше жыл жөндеу көрмегендей нашарлап кетті», «Бұл көпір ештеңені өзгерткен жоқ, таң атқанан батқанға дейін кептеліс», — деп жазып жатыр тұрғындар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

«ҚазАвтоЖол» «Алтын Орда» базары маңындағы жолайрық әлі аяқталмағанын түсіндірді. Ұлттық компания мәліметінше, онда өндіріс жұмыстары жалғасып жатыр.

«Биыл бұл нысанда қалған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде:

қиыршық тас-мастика асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын жабу;
жаяу жүргіншілер өткелдерінде полигаль шатырды және лифтілерді орнату, оның ішінде оларды бояу;
темірбетон және тосқауыл қоршаулары, сондай-ақ жол белгілерін қою», — деді «ҚазАвтоЖол» өкілдері.
Нысандағы жұмыстарды толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Әлеуметтік желідегі видеоға келсек, онда асфальттың төменгі қабаты түсірілген. Ол толық жұмысқа, яғни автокөліктер қозғалысына арналмағаны айтылған. Жақында құрылысшылар жолдың екінші, негізгі қабатын төсеуге уәде беріп отыр.

«Бұл ретте, қиыршықтасты-мастика асфальтбетонның соңғы үстіңгі қабатын монтаждау бойынша бұл учаскелер тұтас болуы үшін төменгі қабат фрезерленіп, қайта асфальтбетон төселеді», — деп қосты ұлттық компания өкілдері.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр