
Жол полициясына бағынбай қашып кеткен жүргізуші жайлы әлеуметтік желіде видео тараған еді. Тәртіпке бағынбаған жүргізушіні полицейлер Шетпе-Сай өтес-Бейнеу тас жолында ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспа сөз қызметінің мәліметі бойынша, тәртіп бұзған жүргізушіге екі әкімшілік хаттама толтырылған.
«Көлік иесі полиция қызметкерлеріне бағынбай жасырынуға әрекет жасаған. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 1-бөлігіне және 613-бабы 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған», деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Дереккөзі: lada.kz