jasqazaq.kz

Жүргізуші полицейді 200 метрге сүйреп кетті

12 тамыз 2019, 11:27

Алматыда полицей көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырмақ болған еді, алайда ер адам қарсылық танытып, қашпақ болды да, полицейді екі жүз метрге сүйреп әкетті. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Оқиға Мақатаев және Пушкин көшелерінің қиылысында болған.

Көлікті тұраққа қою ережелерінің орындалуын қадағалауға шыққан полицей қара кроссовердің жүргізушісіне жақындап, құжаттарын көрсетуді сұрайды. Ер адам тәртіп сақшысының айтқанын орындаудың орнына, рөлді бұрып, газды басады.

Полицей көліктің есігіне жармасып үлгеріп, екі жүз метр жүргеннен кейін ұшып түскен.

Инспектр әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Көлік пен тәртіпбұзушыны қала мен бүкіл облыс бойынша іздеп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда