jasqazaq.kz

Жүргізуші куәлігін сатқан полицей 8 жылға сотталды

04 қазан 2018, 18:04

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдегі жемқорлық деңгейі туралы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мамандары жүргізген сараптама жұмыстарына сүйенсек, облыста жемқорлыққа ең көп жол беретін орган — ішкі істер департаменті. Бұл туралы Ұлттық бюро мен департамент өкілдері ІІД-де өткен жиында мәлімдеді. «Жыл басынан бері ішкі істер органдары ішінен жергілікті полиция қызметі, атап айтқанда, учаскелік инспекция, табиғатты қорғау күзеті, жол-патруль полициясы жемқорлыққа көбірек жол берген. Қылмыстардың дені пара алу, алаяқтық, қызметін асыра пайдалануға байланысты орын алды. Қылмыстық-процестік кодексiнің шеңберінде облыстық ІІД-не аталған заңбұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ұсыным жасалды», — дейді агенттіктің баспасөз хатшысы Аида Бажирова. Жалпы, департамент полицейлерге қатысты 38 қылмыстық істі бағыттады. Қазірдің өзінде 4 мемқызметкер сотталған. Мәселен, осы жылдың мамыр айында Рудный қаласы ІІБ қызметкері Панченко мен автоинспектор Шемельтуров 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар тұрғындардан пара алып отырған. Есесіне, оларға жүргізуші куәлігін жасап берген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді