jasqazaq.kz

Жүргізуші куәлігін алуға наркологиялық және психодиспансер анықтамасы қажет болмайды

09 желтоқсан 2020, 18:01

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін наркологиялық және психодиспансер анықтамасы талап етілмейтін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шынымен де, мұндай мәселені Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп талқылап жатыр. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді интеграциялауға қатысты жұмыстардың бір бөлігі жүргізілді. Біз жыл сайын шамамен 900 мың жүргізуші куәлігін береміз. Олардың қатарында жүргізуші куәлігін алғаш алатындар, мерзімі өтуіне байланысты ауыстыратындар немесе жаңа санат алатындар бар», — деді ол. Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан тиісті жұмыс жүргізілгеннен кейін жүргізуші куәлігін мерзімі өтуіне байланысты ауыстыратын немесе жаңа санат алатын азаматтардан қағаз түріндегі наркологиялық және психодиспансер анықтамасы талап етілмейді. «Өйткені, бұл мәліметтердің барлығы ақпараттық жүйеден алынады», — деп түсіндіреді Серік Түсіпов. Дегенмен, комитет төрағасының орынбасары бұл жаңашылдық алдымен тестілеуден өтетіндігін айтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде