jasqazaq.kz

Жүргізуші куәлігін алатындар үшін өзгерістер болуы мүмкін

17 қазан 2019, 16:41

Жүргізуші куәлігін алатын қазақстандықтар алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жүргізуші куәлігін алған кезде, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруді міндеттеуді көздеп отыр. Бұл жаңашылдық «Халық денсаулығы» туралы кодекстің жаңа редакциясында жазылған.
«Көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Жүргізуші куәлігі тек содан кейін беріледі. Себебі, статистикаға көз жүгіртсек, жол апаты болған кезде, азаматтарымыздың 60 процентке жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Алайда, өкінішке қарай, қазір зардап шеккендерге жәрдем бере алатындар 3-5 проценттен аспайды», — деп түсіндірді Біртанов мәжілісте заң жобасын таныстырғаннан кейін.
Айтуынша, стандартты курстар барлық өңірде жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация орталықтары және медициналық оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Яғни, медициналық көмек дағдыларын меңгеріп, сертификат алуға болады.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендердің 84,5%-і ауруханаға жетпей көз жұмады екен. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш шамамен 50%-ті құрайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда