jasqazaq.kz

Жүргізуші балалы әйелді қағып өлтірді

05 наурыз 2020, 10:50

4 наурыз күні түнде Сарыкемер ауылында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Анықталғандай, “BMW 728” маркалы көліктің 28 жасар жүргізушісі 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Анасы оқиға орнында көз жұмды. Нәрестені Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізген, дегенмен алған жарақатынан сәби де көз жұмды. Оқиға орнын тексеру барысында жолдың құрғақ, ешқандай ақаусыз болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші алкогольдік және есірткі заттарын пайдаланбаған. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, әйелі екеуінің арасында жанжал шығып,жүргізуші жылдамдықты күрт арттырған. Алдында келе жатқан көлікті айналып өту кезінде ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Кінәлі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды,машина арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Дереккөзі: polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі