jasqazaq.kz

Жүргізуші адамды қағып, қашып кетті (видео)

12 сәуiр 2018, 13:18

Атбасарда екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Айта кетсек, жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында қаза тапқан еді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полициядағылар 8 сәуірде Toyota Land Cruiser автокөлігінің жол жиегінде кетіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін айтады. Ал көлік тізгінінде 1987 жылғы ер адам болған. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1971 жылғы жаяу жүргінші қаза тапты. Екіншісі аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Екі адамды қағып кеткеннен кейін, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, алайда бір тәулік ішінде оның кім екені анықталып, ұсталды», — деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Полицейлер осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») және 347-бабы («Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша іс қозғалған. «Осы қылмыс деңгейі орта әрі кішігірім ауыр санатына жататындықтан, күдіктінің балалары кәмелет жасына толмағандықтан, тұрақты мекен-жайы болғандықтан, сондай-ақ соттан немесе тергеуден қашып кетеді деген мәліметтердің болмауына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды», — деді ведомствоның баспасөз қызметі. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция мәліметінше, жаяу жүргіншілердің қағып кеткен жүргізуші бұрындары қылмысқа тартылмаған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді