jasqazaq.kz

Жүргізуші адамдарды аязда тегін тасуда

19 қантар 2018, 16:29

Астында көлігі бар атыраулық азамат адамдарды аязға байланысты тегін тасып жүр. Ол өзінің қайырымдылық акциясына «Атырау — мейірім қаласы» деген ат қойыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік иесі қаладағы такси жүргізушілерін және барлық мейірімді адамдарды аталмыш акцияға қатысуға шақырып жүр.

«Атырауда автобус жетіспейді. Жергілікті билік бұл мәселені шешіп жатқан кезде аялдамаларда аналарымыз бен қарындастарымыз, оқушылар аязға тоңып тұр. Шамамыз жеткенше оларды үйлеріне жеткізіп тастайық»,-деп жазады @million_kz001 атты қолданушы өзінің Instagram парақшасына.

Ол сонымен қатар адамдардың мұндай қайырымдылыққа таңданыспен қарайтынын да жеткізді.

«Тегін тасимыз дегенді естіген адамдар, түсінбей қалып қайтадан сұрап жатады»,-деп жазады ол.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды