Ақтөбе тұрғыны жүктілікті ойдан құрастырғаны үшін қылмыстық жазаға тартылады.
Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтты.
Дәулембаевтың айтуынша, облыстық мұнай -газ компаниясы өз қызметкерін жауапқа тарту үшін полицияға жүгінген. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, қыз басшыларына жалған айтқан. Ол жүкті екенін хабарлап, жеңіл еңбек жағдайымен жұмысқа ауыстырылды, кейінірек тиісті төлемдермен демалыста болды.
«Қабылданған процессуалдық шешімдердің заңдылығын тексеру барысында дәрігерлерді алдап уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған әйел жүктілікке байланысты табысынан айырылған жағдайда 900 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемді де алғаны анықталды.
Прокуратура қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бойынша қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деді Дәулембаев.
Оның айтуынша, тергеу шеңберінде дерекқордағы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті тексеріссіз еңбекке жарамсыздық парағын берген дәрігерлердің әрекеті де тексеріледі.
Дереккөзі: Stan.kz