jasqazaq.kz

«Жұмысымнан айырылып қалуым мүмкін»: қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жазалауды талап етті

31 шiлде, 14:35

«Жұмысымнан айырылып қалуым мүмкін»: қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жазалауды талап етті

Соғысқа қатысқандар тізімінен өзін тапқан қазақстандық Бас прокуратура мен ІІМ-нен журналист Лұқпан Ахмедияровты жауапқа тартуды сұрады

Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

Туыстарымен арадағы қарым-қатынастың бұзылуы және жұмысынан айырылып қалу қаупі – Руслан Мұхамедов журналист Лұқпан Ахмедияровтың жарияланымынан кейінгі жағдайын осылай сипаттайды. Оның айтуынша, жарияланған материалда оның есімі Ресей тарапынан Украинаға қарсы соғысқа қатысып жүргендің тізіміне енгізілген.

Журналист Лұқпан Ахмедияровтың жарияланымынан өзінің деректерін тапқан Мұхамедов Бас прокурор мен Ішкі істер министріне бейнеүндеу жасады.

Бейнеүндеуінде ол журналист өзінің Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығысқа қатысқаны туралы тексерілмеген ақпарат таратқанын айтады. Мұхамедов мұны жоққа шығарып, Ресейге соғысқа қатысу үшін емес, тек жұмыс істеу үшін барып жүргенін мәлімдеді.

«Мен Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Бұл жағдайға менің ешқандай қатысым жоқ», – дейді ол.

Мұхамедовтің айтуынша, ақпарат тарағаннан кейін оның беделіне нұқсан келген. Ол кейбір достарымен және туыстарымен қарым-қатынасы үзілгенін айтып, енді бұл жағдай жұмысына да кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Мұхамедовтің ерекше наразылығын тудырған жайт – ақпараттың, оның пікірінше, тиісті деңгейде тексерілмей жариялануы. Бейнеүндеуінде ол Facebook желісінен оқыған жазбаға да тоқталып, сөз бостандығының шегі мен ақпарат таратқан адамның жауапкершілігі туралы пікір білдіреді.

«Сөз бостандығы тексерілмеген ақпаратты жариялауға құқық бермейді», – дейді Мұхамедов.

Оның басты талабы – өзінің деректері бұл тізімге қалай енгенін анықтап, журналист Лұқпан Ахмедияровтың әрекетіне құқықтық баға беру.

«Мен қылмыскер емеспін. Мен – адал атына нұқсан келген азаматпын. Осы журналисті заң бойынша қатаң жазалауды сұраймын», – деп Руслан Мұхамедов өз үндеуін аяқтады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық