jasqazaq.kz

Жұмысы тоқтаған мекеме өз қызметкерлеріне 42500 теңгеден төлеуі тиіс

22 мамыр 2020, 21:55

Қазақстанда жұмыс берушілер жұмыс тоқтап қалған жағдайда қызметкерлеріне ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 42 500 теңгеден төлеуі тиіс. Бұл, Еңбек кодексінің жаңа бабында жазылған.

«Егер азаматтардан Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына кәсіпорын тоқтап тұрған уақыт (карантин кезінде) үшін ең төменгі жалақы төленбегені туралы шағым түсетін болса, біз бұл фактіні тексеріп, анықтаймыз. Бұл үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Яғни, айыппұл салынады. Жалақыны төлемеген және кешіктірген шағын бизнес иесі — 60 АЕК, орта бизнес — 100 АЕК және ірі бизнес иесі 150 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», — деді Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова.

Оның атап өтуінше, жұмыс беруші 112-бапқа сәйкес, жұмыстың мәжбүрлі тоқтауын рәсімдеуге міндетті. «Осындай жағдайға тап болғандар Қонаев көшесі, 122 мекенжайында орналасқан басқармаға жүгіне алады», — деп қосты ол.

Ал қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, жұмыстың тоқтап қалуы карантинге байланысты. Сол себепті жұмысшылардың барлығы бірдей ең төменгі жалақыны төлей алмайды.

«Бұл жерде мынаны түсіну керек. Жұмыстың тоқтауына жұмыс беруші кінәлі емес. Бұл – карантин режимінен орай туындаған мәселе. Осыған байланысты кәсіпкерлерден көптеген ұсыныстар, шағымдар түсіп жатыр. Бастамашыл топ Ұлттық экономика және Еңбек министрліктеріне осы кезеңге жалақы төлеуде жеңілдіктер мен өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жасады. Егер жыл соңына дейін жағдай тұрақтанса және кәсіпкер барлық қызметкерлерін қайта жұмыспен қамтамасыз етсе, онда оларға жеңілдіктер мен субсидиялар беруін сұрайды. Қазір мұндай механизмді Еңбек министрлігімен және Ұлттық палатамен бірлесіп қарастыруда», — деп түсіндірді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия