jasqazaq.kz

«Жұмыссызбын» деп айта алмағаны үшін қамалыпты

01 наурыз 2018, 18:54

42 жастағы жұмыссыз ер адам ұялшақтығы үшін қамауға алынды. Ол мемлекеттік жұмыспен қамту оралығына бір күнде 159 рет телефон соғып, жұмыссыз екенін айта алмаған. Бұл туралы SoraNews24 жазды.

Оқиға Жапонияның Хигасимацусима қаласында болған. Барлық 159 қоңырау бір күнде соғылған. Ер адам сағат 15:30-дан кешкі 17:00-ге дейін қоңырау шалған. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері телефон тұтқасын көтерсе, ер адам ештеңе айта алмаған.
Полицияның айтуынша, ер адам көрші қаладан хабарласқан. Тексеру барысында барлық қоңырау тек сол адамның телефонынан соғылғаны белгілі болды.
Қамауға алынған ер адам бірдеңе айтқысы келгенін, бірақ нақты жеткізе алмағанын түсіндірді.
Жапондық желі қолданушылары бұл оқиғаның себебі «ер адамның ұялшақтығында» деген баға берді.
Олардың бірі «Оның адамдармен сөйлескенде ақауы бар шығар» десе, бірі «Оны түрмеге жапқанның орнына психотерапевтке көрсету керек» деп жазған.

Stan.kz.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды