jasqazaq.kz

Жұмыссыз аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы

19 ақпан 2019, 11:07

Егер баланың анасы жұмыс істемесе, оған бала туғаннан кейін жәрдемақы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аналардың бала туғаннан кейінгі алатын жәрдемақылары:

— бала туғанда берілетін бірреттік мемлекеттік жәрдемақы, көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға — 95 950 теңге, төртінші және одан да көп –159 075 тенге,

2018 жылы осындай жәрдемақы 395 мың адам алды. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38% өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге 42 млрд. теңге қарастырылды;

-ай сайын төленетін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы; кезек ретіне орай ай сайын берілетін жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгені құрады.

2018 жылдың қортындысы бойынша, 30 млрд теңге көлеміндегі бұл жәрдемақыны 125 мың адам алды. Соңғы 3 жылда жәрдемақының көлемі 19% өсті.

2019 жылы бұл жәрдемақыны төлеуге 34 млрд. теңге қарастырылған.

Төлемақыны тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, сондай-ақ, Үкіметтің электронды порталы рақылы да рәсімдеуге болады.

Онымен қоса, 2018 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бала туу бойынша жаңа қызмет түрі енгізілді. Енді азаматтар жолға, ұзын-сонар кезекке уақытын кетірмей, құжаттарын жинап жүрмей-ақ жәрдемақыны 5 минуттың ішінде sms хабарлама арқылы рәсімдей алады, хабарлама ананың ұялы телефонына келіп түседі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде