jasqazaq.kz

Жұмысшылар наразылығынан кейін фабриканы бұзу жұмыстары тоқтатылды

11 қыркүйек 2020, 16:37

Қарағанды маңындағы «KAZ Феррит» көмір байыту фабрикасын бұзу жұмыстары тоқтатылды. Осыған дейін фабриканың жүзден астам жұмысшысы конвейер орналасқан аумақты босату қажеттігі жайлы сот шешіміне қарсылық танытып, 500 адам істейтін кәсіпорынның жабылуына жол бермеуді сұраған еді. Бұл туралы  centralasian.org-ке сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

– Прокуратура сот орындаушыларынан өндіріс құжаттарын сұратып, заңдылығын тексеретінін хабарлады. Әзірге іс тоқтатылды. Енді бізде қосымша уақыт бар, – деді Азаттыққа «KAZ Феррит» компаниясының заңгері Асхат Ниязов.

Қарағанды облысының прокуратурасы сот шешімін орындау тоқтатылғанын растады. Бұған дейін жергілікті сот «KAZ Феррит» пен «СВХ-Портал» компаниясы арасындағы жер дауы мәселесін қарап, «СВХ-Порталды» байыту фабрикасының өндіріс линиясы орналасқан аумақтың иесі ретінде таныған болатын.

7 қыркүйекте Қарағанды маңындағы «KAZ Феррит» фабрикасының жүзден астам жұмысшысы наразылық акциясын өткізген.

Сотта жеңген «СВХ-Портал» компаниясының өкілдері бұған дейін осы аумақтан өздері де пайда тапқысы келетінін айтып, «KAZ Ферриттің» жалға алу шартымен келіспей отырғанын жеткізген.

Ал оқиға орнына келген билік өкілдері өндіріс линиясы орналасқан аумақты мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыратынын айтқан. Қарағанды әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мамандары егер жер мемлекет меншігіне өтсе, оны пайдалану мәселесін мемлекеттік комиссия шешеді деген еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде