
17 желтоқсанда сағат 18:45-те ПАЗ маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі мұнай компаниясының вахта бойынша жұмыс істейтін 12 қызметкерін алып, Жарқамыс кенті жағынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып келе жатады.
Тас жолдың 13-ші шақырымында жүргізуші жол жиегінде тұрған Камаздың жартылай тіркемесін көрмей қалған көрінеді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.
Жол апатына байланысты тергеу амалдары қолға алынды.