jasqazaq.kz

Жұмысшы мен жұмыс беруші жанжалдасып, ақыры қанды оқиғамен аяқталды

23 қыркүйек 2020, 22:46

Шымкентте жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындаған жанжал салдарының нәтижесі пышақ жарақатымен аяқталды. Бұл туралы  Polisia.kz хабарлайды.

15 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының “102” сымтетігіне қаладағы май ауыстыру бекеттердің бірінің маңында белгісіз адамның дене жарақатын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жанжал туындағаны анықталған. Кикілжің біреуі құрылыс аппаратын қайтаруын, ал екіншісі жұмыс ақысын талап етуден басталған. Қос тарап арасындағы жанжал барысында жұмыс берушімен бірге кездесуге келген 1997 жылы туған досы пышақ жарақатын алып, алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚКнің 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері күдікті азаматты ұстап, қамады. Ол 1997 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны. Оқиға орнынан анықталған пышақ іс материалдарына айғақты зат ретінде тіркеліп, қамауға алынған күдікті өз кінәсін мойындады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде