jasqazaq.kz

Жұмыс орнының алыс болғаны денсаулыққа кері әсер етеді

11 қантар 2020, 21:09

Швед ғалымдары жұмыс орны алыста орналасқан адамдардың денсаулығы үйіне жақын маңда жұмыс істейтіндерге қарағанда төмен болатынын анықтады.Бұл туралы  The Times of İndia басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Зерттеу нәтижесінде аптасына 40 сағат жұмыс істейтін адамдар күн сайын жұмыс орнына бару үшін жарты сағаттан көп уақыт жұмсайтын болса, бұл оның денсаулығының нашарлау қаупін 25 пайызға арттыратыны белгілі болды. Сонымен қатар бұл жағдайда адамның ұйқысының бұзылу қаупі 16 пайызға өседі», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, жұмыс алдында және жұмыстан кейін күйзелістен арылып, демалуға мүмкіндік болмайтындықтан, бұл денсаулыққа кері әсер етеді.

Аталған зерттеуді Стокгольм университетінің ғалымдары жүргізген. Зерттеуге 22 мың адам қатысқан.

«Жұмыс күнінен кейін адамдар үйіне ұзақ жол жүру үшін шаршаңқы болады, физикалық белсенділігі болмайды. Бұл денсаулыққа кері әсер етеді», деп жазады басылым.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық