jasqazaq.kz

Жұмыс беруші мекенжай анықтамасын талап ете алмайды

30 қазан 2019, 14:21

Жұмысқа тұрар кезде немесе басқа жағдайда мекенжай анықтамасы талап етілсе азаматтар қайда жүгіне алады? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Бағлан Жалпошов жауап берді. 

Бағлан Жалпошов, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры: 

«Тұрғылықты мекенжай бойынша дискриминацияға жол берілмейді. Бұл – еңбек заңнамасының бір талабы. Азамат мекенжай бойынша дискриминацияға ұшыраса, яғни жұмыс беруші еңбек заңнамасында жоқ құжаттарды жұмыс іздеп келген азаматтан талап етсе, ол адам біріншіден, өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алады. Егер бұрыннан қызмет етіп жүрген жұмысшыдан мекенжай анықтамасы қайта сұралса, ол жергілікті еңбек инспекциясына арыз түсіре алады. Ондай инспекциялардың барлығы әкімдіктердің жанында жұмыс істеп тұр. Осыдан кейін тексеру негізінде жұмысшының құқығы қорғалады», — деді Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.

Енді ешбір мемлекеттік орган немесе жеке жұмыс беруші азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды.

Галина Сәрсенова, ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:

«Бүгін халыққа мекенжай анықтамасы қандай жағдайда талап етілетінін түсіндіру үшін жиналып отырмыз. Егер мемлекеттік орган туралы айтар болсақ, орталық мемлекеттік органдар немесе облыстық, аудандық бөлімшелер деңгейінде бұл мәліметтер (мекенжай анықтамасы- авт) қолжетімді. Жұмыс беруші мұндай жағдайда жұмысқа тұрғысы келген азаматтан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Егер мәселе жеке тұлғада болса, ешбір еңбек заңнамасында мекенжай анықтамасын алып келу туралы талап жоқ. Яғни, бұл жерде мәселе азаматтың жұмысқа тұрар кезде өзінің қайда тұратынын нақты жазып бере алуымен шектеледі», — дедіҮкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.

Әріптесінің сөзін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов та растады. «Мекенжай анықтамасын мемлекеттік деңгейде алынып тасталды. Яғни, барлық жұмыс берушілер азаматтарды жұмысқа алу тәртіптерін қайта қарауы керек», — деді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық