jasqazaq.kz

Жұмыртқа тапшылығы туындауы мүмкін бе?

21 қыркүйек 2020, 17:06

Бес облыста тіркелген құс тұмауына байланысты елде жұмыртқа тапшылығы туындауы мүмкін бе? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 35 құс асырау кешені жұмыс істеп тұр. Олардың қуаты ішкі нарықтың қажеттігін жауып бере алады. Олар сонымен бірге өнімін экспортқа да шығарады. Қазақстанның құс фабрикалары жылына 5 миллиард жұмыртқа өндіреді. Ішкі нарық 106 пайызға орындалып отыр», — деді Еркебұлан Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елде жұмыртқаның бағасы бес пайызға арзандаған. Ал құс тұмауы шыққан Солтүстік Қазақстандағы бес құс фабрикасы жұмыртқа өндірумен айналысады.

«Карантин шараларына байланысты екі құс фабрикасының қуаты төмендеп қалды. Алайда шектеу болғанымен, қалған құс фабрикалары өз қуатының есебінен бұл қажеттілікті жабады. Облыс бүгінгі күні жұмыртқа жағынан өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр», — деді департамент директоры.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанның бес облысында құс тұмауы тіркелгенін мәлім еткен еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия