
Қайырбек Өскенбаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
«Бөлінген қаражаттың лимиттен асып кетуіне байланысты, банктер жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты. Автонесиелеуге 100 млрд теңгедей қаржы бөлінді. 20 мыңнан астам өтініш түсті. Соның 10 мыңға жуығы (73 млрд теңге) банктерден өтті. Бүгінгі таңда 2 895 көлік сатып алынды.
Біз шамамен 15-16 мың көлік сатып алуға 100 млрд теңге жетеді деп ойладық.
1-2 айдан кейін несиеге берілген ақша қайта орала бастайды, яғни көлік алғандардың төлемі түседі. Осы жиналған төлемдерге қайтадан несие беріледі. Бұл – айналып отыратын бағдарлама. Оған 100 млрд теңгеден басқа қаражат бөлінбейді».