jasqazaq.kz

Жұматай Әлиев 13 сөйлемнен 19 қате жіберді

02 мамыр 2019, 15:04

Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгермеген. Мұндай қорытындыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев емтиханға берілген уақытын толық пайдаланды. Комиссия барлық кезеңдерді жан-жақты талқылады», — деді үміткердің емтихан нәтижесін жария еткен лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметов. Оның айтуынша, үміткер бірінші кезеңде «Мемлекет және дін» деген тақырыбында шығарма жазған. «Тақырып мүлдем ашылмаған, сөйлемдерінің барлығы жүйесіз. Дін мәселесі де мүлдем ашылмады деуге болады, үстірт. Екінші кезеңде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының 2-томынан үзінді оқыды. М.Әуезовтің сөзді «қыздың жиған жүгіндей» ғой. Мәтіннің өз «әуезі бар. Бұл жерде де өзінің шорқақтығын байқатты. Үшінші кезеңде «Ырыс алды — ынтымақ» тақырыбында баяндама жасады. «Ырыс алды — ынтымақ» тақырыбы мүлдем ашылмады. Тағы да үстірт болды. Сауатсыз болды. Мәселен, бірінші кезеңдегі шығармада бас-аяғы 13 сөйлемде 19 қате. Өздеріңізге белгілі 8 ден асса ол шығарма теріс бағаланады. Сондықтан президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссия қорытындысы шықты», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда