jasqazaq.kz

«Жұмабектің бажасы». Павлодар тұрғыны әзілі үшін айыппұл арқалады

02 сәуiр 2021, 14:08

Павлодарда көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірінің орнына «Жұмабектің бажасы» деген жазумен жүрген. Ол мұны 1 сәуірге орай жасағанын айтады. Алайда павлодарлық бұл әзіл екенін айтқанына қарамастан полицейлер оған айыппұл салды.

Полиция мәліметінше, жүргізуші қаладағы орталық көшелердің бірінде ұсталған.

«Павлодар тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ ВАЗ 2170 көлігін айдап келе жатқан. Одан бөлек, жүргізуші әзілқой болып шықты — ол қолмен көлігінің артына «Жұмабектің бажасы» деп жазып қойған», — дейді Полиция басқармасының басшысы Данияр Бек.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия