jasqazaq.kz

«Жұмабекке звондасай». Полицияда танысың болса… (видео)

09 наурыз 2021, 18:01

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, тәртіп сақшыларынан танысы арқылы құтылған болатын. Ол видеоны әлеуметтік желі қызу талқылады. Көліктегі жолаушылардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп, facebook-ке жүктеген.

Желіге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері “Facebook” қолданушыларының бірінің парақшасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған видеоға тап болды. Жүргізуші жолдың қарсы бетімен жүріп, жол ережесін өрескел бұзған.

Белгілі болғандай, оқиға Түркістан облысы Отырар ауданы жолдарының бірінде орын алған. Жол ережесін бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол “Лада Приора” автокөлігімен қарсы жолаққа шыққан Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Автокөлік иесіне қатысты полиция қызметкерлері екі бірдей баппен, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Тәртіп бұзушының автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Отырар аудандық сотына жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға ЕСКЕРТЕДІ: жол қателікті кешірмейді! Жол қозғалысы ережелерін бұзбаңыз, оның ішінде жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолаққа шықпаңыз, маневр ережелерін бұзбаңыз! Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтауға кеңес береді, ең бастысы мас күйінде рульге отырмау керектігін ескертеді.

https://youtu.be/4U49_go4Q-s

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия