jasqazaq.kz

Жылжымайтын мүлкі бола тұра, тұрғын үй кезегіне тіркелгендер бар

25 сәуiр 2022, 13:03

Тұрғын үй кезегіне тұрған кейбір қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі бар болып шықты. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғын үй кезегінде тұрған 46 азаматтың өтінімі кері қайтарылды. Себебі олардың жылжымайтын мүлкі бар. Ал ереже бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азамат атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Демек жергілікті әкімдік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тексермей, үй кезегіне қоя береді деген сөз», — деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысының айтуынша, кейбір әкімдіктер тұрғын үй кезегінде тұрғандарға мониторинг жүргізбейді.

«Сонымен қатар 52 клиенттің салық бойынша қарызы болған. Сол сияқты 46 клиенке төлем міндеті жүктелген. Бұл дегеніміз аталған азаматтардың басқа банк алдында қарызы бар деген сөз. Олар басқа банк есепшотындағы қаржысын меңгере алмайды. Біз қазір бұл мәселені шешудің заңды жолын қарап жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті заңнаманың жобасы әзірленді. Ол қазір Мәжілістің қарауында жатыр. Бұл Қазақстанда алғаш қолға алынып отырған жоба. Яғни мемлекеттен субсидия алу үшін арнайы есепшоттың болуы. Ол есепшотқа түскен қаржыны басқа банк бізге қарыз деп шешіп алмауы тиіс. Егер ол азаматтың салық бойынша қарызы болса да, мемлекет беріп тұрған басқа мүмкіндікті пайдалануға құқығы бар», — дейді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр