jasqazaq.kz

Жылжымайтын мүліктің техпаспорты электронды нұсқада беріледі

28 қараша 2019, 15:25

Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтер, жатақхана бөлмесі, гараж бен саяжай) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр. «ХҚО-ға бармай-ақ, техпаспортты алудың онлайн баламасы мүлік иелерінің уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін жылжымайтын мүліктің құжатын алу үшін ХҚО-ға барып, техникалық паспортқа қағаз жүзінде өтініш беру керек еді. Кейін мүлік иесі дайын болған құжатты алу үшін қайтадан халыққа қызмет көрсету орталығына баратын», – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. Бұдан былай техникалық құжатқа онлайн өтініш беріп, дайын үлгісін электронды үкімет порталынан көшіріп алуға болады. Бұл үшін жылжымайтын мүлік иесінің ЭЦҚ-сы мен құқық белгілейтін құжатының бірінің (сату-сатып алу келісімшарты, сыйға беру шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі және т.б.) сканерленген көшірмесі болуы керек. Бастапқы төлем жүргізілгеннен кейін жылжымайтын мүлік иесі электронды құжаттың келгенін жеке кабинетінен көре алады. Жоба іске қосылған бірнеше күннің ішінде онлайн түрде келіп түскен 100-ден астам өтініш өңделген. «Айта кетейік, жеке кабинетке келген электронды техпаспортты жүктеп алу үшін жылжымайтын мүлік иесі қызметтің нақты құнының айырмасын төлегені туралы түбіртекті қоса көрсетуі тиіс. Тек содан кейін ғана қызмет көрсетушіге арнайы код хабарлама жолданып, техпаспортты көшіріп алуға рұқсат беріледі. Техникалық паспорттың электронды үлгісінің күші ХҚО-да мөр басылып берілетін төлқұжатпен тең болады», делінген хабарламада. Жылжымайтын мүлік төлқұжатын электронды түрде әзірге Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарына қолжетімді. Пилоттық жоба 2020 жылдың ақпанына дейін жалғасады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда