jasqazaq.kz

Жылына 1 мыңға жуық адам ата-аналық құқығынан айырылады

12 қыркүйек 2019, 15:31

Елімізде жыл сайын 1 мыңға жуық ата-ана өз құқықтарынан айырылады, одан бөлек 40 мың ата-ана мен заңды өкіл балалар құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын 40-тан астам ата-ана мен заңды өкілдер кәмелет жасына толмаған балалардың құқығы мен заңды мүддесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Сол секілді сот арқылы жыл сайын 1 мыңға жуық адам ата-аналық құқығынан айырылады. Бүгінгі таңдағы балалар құқығына қатысты басты проблема – оларға қарсы зорлық-зомбылық пен күш қолданудың тоқтамауы. Осы жылдың 8 айында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге қатысты 589 қылмыстық іс тіркелді», — деді Марат Қожаев. Сондай-ақ, вице-министр балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайту бағытындағы заң жобасын әзірлеу қолға алынғанын айтты. «Қазіргі уақытта балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен 1,5 мың адам түзеу мекемелерінде өз жазасын өтеп жатыр. Сонымен қатар, бала құқығына қатысты тағы бір мәселе — олардың қараусыз қалуынан немесе бос уақытының көп болуынан түрлі бағыттағы оқыс оқиғаға тап болуы. Биыл 286 бала ажал құшты. Оның 16-сы — өрт салдарынан, 124-і суға кетіп қайтыс болды және 146 бала жол-көлік апатынан мерт болды», — деді ол өз сөзінде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда