jasqazaq.kz

Жылу электр орталығының ақауын реттей алмаған ведомство АЭС-ті қалай ұстап тұрады?

20 желтоқсан 2022, 15:47

Жылу электр орталықтарының ақаусыз жұмысын қамтамасыз ете алмай отырған Энергетика министрлігі АЭС-ті қалай ұстап тұрмақшы? Үкімет кулуарында ведомство басшысы Болат Ақшолақовқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер қолыңызда 60-70 жылдан бері қолданылып келе жатқан жылу стансасы болса, оны қамтамасыз ету деген – күнделікті жұмыс. Күні-түні бақылауда ұстап, дұрыс қаражат бөлу керек. Ал АЭС – мүлде басқа жоба, жаңадан салынатын станция. Әрине, қазіргі таңда оны өзіміз салуға мүмкіндік жоқ. Осы технологияны таңдасақ, соған сай компанияларды да тартуға болады. Әлі онда жұмыс істейтін жұмысшыларды дайындау керек. Бұл жұмыспен біз бүгіннің өзінде айналысып жатырмыз», — деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда маман дайындаудың өзіне ғана тағы 4-5 жылдай уақыт керек.

«Егер станса құрылысы 10 жыл ішінде бітетін болса, сол кезге дейін біз 2000-3000 шамасында маман дайындауымыз керек. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс қазірден басталуы керек. Кдрлар институтты бітірген болса, әрі қарай басқа стансаларда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауы керек. Содан кейін келіп өз үлесін қосады. АЭС салу, іске қосу, пайдалану бойынша өте көп құжаттар, өте көп талап-сұраныстар бар. Яғни өзінің тәртіп-ережелері бар. МАГАТЭ бар дегендей. Соның бәріне сәйкес болуымыз керек. Ол — біз шығарған ережелер емес, дүниежүзінің стандарттары», — деді Болат Ақшолақов.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка