jasqazaq.kz

Жылу беру маусымына дайындық пысықталды

09 маусым 2022, 15:56

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының алдағы қыс маусымына жылу беру жұмысының дайындық есебін қабылдады.

Қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді.

2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.

Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.

Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар.

Сонымен қатар, бюджеттік нысандардың қатты отынға (көмір) қажеттілігі 4,7 мың тонна. Қазірде тасымалдайтын мердігер мекеме анықталуда. Сұйық отынға (диз.топливо) қажеттілігі 655 тонна, бүгінге дейін 8,2 тоннасы тасымалдынды. Қалған сұйық отынға тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

Шымкент қаласы тұрғындарының жылу маусымында қатты отынға (көмір) қажеттілігі 66 мың тоннаны құрайды. Қала аумағында жалпы 5 көмір қоймасы орналасқан, қоймаларда 1,5 мың тонна көмір қоры бар. Атап айтқанда, Абай ауданында қажеттілік 7,7 мың тонна, Әл-Фараби ауданында 1,7 мың, Еңбекші ауданында 4,6 мың және Қаратау ауданында қажеттілік 52 мың тонна болып отыр.

«КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның газ құбырларының ұзындығы — 6 978,6 км құрайды. Бүгінгі күнге, кезең — кезеңмен газ құбырларын газ қысымымен өлшеу жұмыстары (3 288 км), ГРПШ және ШРП қондырғыларына (56 мың дана) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде