jasqazaq.kz

Жылқының қазақ жерінде қолға үйретілгенін дәлелдеген ғалым өмірден озды

20 сәуiр 2022, 10:46

Ежелгі Қазақстан аумағында жылқының қолға алғаш рет үйретілгенін дәлелдеген ғалым Виктор Федорович Зайберт өмірден озды. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Виктор Федорович Зайберт 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Николаевка ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу саласындағы маман бірнеше ғылыми жаңалықтар мен Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихына арналған 100-ден астам кітап пен мақала жазған.

Виктор Федорович– тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Берлин қаласындағы Герман археологиялық институтының және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің ғалым хатшысы болды.

Қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.

Ғалым өмірінің 40 жылдан астам уақытын Қазақстан және бүкіл Еуразия құрлығының ежелгі тарихын зерттеуге жұмсаған. Дүниежүзінде бірінші болып, Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында б.э.д. IV ғ. жылқы малының қолға үйретілгенін ғылыми түрде дәлелдеген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр