jasqazaq.kz

Жылқыны мылтықпен атып, сол жерде сойып алатын екі ұры ұсталды

26 қантар 2021, 15:21

Алматы облысының полицейлері Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғынына тиесілі 2 жылқыны жайылымнан ұрлады деген күдікке ілінген екі адамды ұстады. Бұлтартпас айғақтардан кейін екі күдікті қылмыстарын мойындады. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлады.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Көксу ауданының 32 жастағы және Ұйғыр ауданының 35 жастағы тұрғындары ұсталды. Олар жайылымдағы жылқыларды мылтықпен атып, сол жерде сойып алғаны анықталды. Күдіктілерден қылмыс құралы болған қару, екі автокөлік және жылқылардың еті тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, — деді Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Шыңғыс Сабуров.

Ведомство басшысының ақпаратына сәйкес, күдіктілердің бірі ұрланған малдың етін облыс орталығына сату мақсатында келе жатқан жолда қолға түскен. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында Алматы облысында мал және ет өнімдерін тасымалдауға қажетті құжаттарды тексеру тәртібі қатаңдатылғанын хабарлағанбыз.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бары тексерілуде , — деп толықтырды полиция полковнигі Шыңғыс Сабуров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде