
Павлодарлық пабликтердің бірінде Кенжекөл ауылының маңында жылқылар көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіретін видео пайда болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш факті тіркеліп, жылқы иесі анықталған.
— Ол Кенжекөл ауылының 66 жастағы тұрғыны болып шықты. Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жүргізді. Ер адам ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Мал иелері өздерінің мүлкіне немқұрайлы қарау ұрлыққа әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Кейбір ниеті түзу емес азаматтар далада қараусыз қалған малды оңай айдап әкетуі мүмкін. Сонымен қатар, иесіз қалған мал жол-көлік оқиғасына себеп болу қауіпі бар, — деп атап өтті Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Тілеулин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram