jasqazaq.kz

Жылқыларды ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

19 маусым 2020, 18:45

Түркістан облысының полицейлері 150 миллионнан астам теңге тұратын жылқыларды ұрлаған барымташылардың қылмыстық тобын ұстады. Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Түркістан облысының үш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Тергеу барысында ұсталғандардың бір жарым жыл бойы 14 мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Жалпы барымташылар облыстың Қазығұрт, Төлеби және Сарыағаш аудандарының жайылымдарынан жылқы ұрлап отырған. Осылайша, полицияға ондаған ауыл тұрғындары өздерінің малдарын жайылымнан белгісіз тұлғалар айдап әкеткені туралы арыз түсірген. Жәбірленушілердің бірі полицейлерге өткен жылдан бері мал ұрылары оның 25 жылқысын жымқырып кетіп, өзіне 12 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған. Аталған жайт Қазығұрт АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” және 188-1-бабы “Мал ұрлығы” бойынша тіркелген.

Барымташыларды ұстау мақсатында Түркістан облысының ПД-нің криминалдық полиция, тергеу және жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, үй малдарын сату және сою орындарын, сондай-ақ алыс шаруа қожалықтары мен жайылымдарды тексерді. Жедел уәкілдер жиналған ақпарат көздері негізінде аталмыш мал ұрлықтарын бір қылмыстық топтың істеуі мүмкін деген болжам жасаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Қазығұрт ауданының екі тұрғынын ұстады, оның бірі бұрын сотты болған. Тергеу барысында жедел уәкілдер тағы да қатысушының ізіне түсті, олар ұрланған жылқыларды сатып алушылар. Белгілі болғандай, барымташылар жайылымнан жылқыларды ұрлап, қораларында жасырын бағып, содан кейін олардың сырғаларын ауыстырған және жылқыларды базарға немесе етке өткізіп отырған.

Тергеу барысында қылмыстық топтың 14 мал ұрлығына қатыстылығы анықталды: оның жеті дерегі Қазығұртта, бес дерегі Сарыағашта және екі дерегі Төлеби аудандарында. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 150 миллионға жуық теңгені құрады. Айғақты зат ретінде полицейлер 70-тен астам жылқыны тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарды. Сондай-ақ, жедел уәкілдер күдіктілердің бірінің үйінен екі дана қару мен сегіз түп қарасора тапқан.

Аталған жайттарға байланысты ҚР ҚК-нің 3-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: 188-бап “Ұрлық”, 287-бап “Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” және 300-бап “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру”.

Бес күдіктінің екеуі қамауға алынды, біреуі кепілмен шығарылды, екеуі қолхатта. Тергеу амалдары жүргізілуде және мал ұрыларының басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Қазіргі таңда қылмыстық іс Түркістан облысы ПД-нің өндірісінде және департамент бастығының қатаң бақылауына алды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия